ТҮРКІСТАН: Нұралхан Көшеров өңір тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады

0
132

Бірқатар мәселе сол мезетте шешімін тапты.


ТҮРКІСТАН: Нұралхан Көшеров өңір тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңір тұрғындарын жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қабылдауға облыстың қала-аудандарынан келген азаматтар түрлі коммуналдық, жер, кәсіпкерлік және өзге де салаларға қатысты мәселелерді көтерді.

Қабылдауға келеген бірқатар азамат жер телімін заңдастыру және жердің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша көмек сұраса, кәсіпкерлер консервтік зауытты модернизациялау және жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан қаржыландыру мәселесін көтерді. Сонымен қатар азаматтар моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына кешенді зерттеу жүргізу бойынша жобасын ұсынды. Тағы бір тұрғын аурухана дәрігерінің жұмысына қатысты шағымын жеткізді. Одан бөлек, жеке қабылдауда азаматтар коммуналдық қызметке және инфрақұрылымға қатысты түйіткілдерді көтерді.

Облыс әкімі әрбір мәселені мұқият тыңдап, жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне заң аясында тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар тұрғындардың өтініштері бақылауға алынып, олардың заң талаптарына сәйкес шешілуі назарда болатынын айтты. Бірқатар мәселе сол мезетте шешімін тапты.

Айта кетейік, Түркістан облысының әкімі және оның орынбасарлары бекітілген кестеге сәйкес жеке қабылдау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Жеке қабылдауға eOtinish бірыңғай базасы арқылы немесе Азаматтарды қабылдау орталығына келіп, жазылуға болады.

Бөлісу