1103 пәтер аз қамтылған көп балалы отбасыларға беріледі.
Түркістан облысында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 450 мың. ш.м. құрайтын 118 үйдің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының аудан, қалаларында биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 450 мың. ш.м. құрайтын 118 үйдің, яғни, 7074 пәтердің құрылысы жүріп жатыр. 2021 жыл қорытындысымен жалпы ауданы 328,3 мың. ш.м. құрайтын 85 үйдің (5229 пәтер) құрылысын аяқтау жоспарланса, қалған 33 үйдің құрылысы 2022 жылға өтпелі. Биыл тапсырылатын 5229 пәтердің 708 пәтері халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарындағы азаматтарға, 1103 пәтер аз қамтылған көп балалы отбасыларына және 3418 әлеуметтік кредиттік пәтерлер пайдалануға тапсырылады деген жоспар бар.
Айта кетейік, Түркістанда «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Өңірлерді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесінің мәжілісі өткен болатын. Аталған жиында үш мәселе талқыланды. Соның бірі – мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі тұрғын үй құрылысы мәселелері болатын.