ТҮРКІСТАН: «Нұротандықтар» әдеп кодексін сақтау мәселелерін талқылады

0
936

Әдеп кодексі 5 негізгі сала бойынша 19 жүріс-тұрыс ережесін қамтиды.


ТҮРКІСТАН: «Нұротандықтар» әдеп кодексін сақтау мәселелерін талқылады

Түркістан облысындағы «Nur Otan» партиясының барлық аудандық, қалалалық филиалдарына қарасты бастауыш партия ұйымдарында «Партия мүшелерінің Әдеп кодексін сақтау» тақырыбында жиындар өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Онда партия мүшелерінің халықпен жұмыс істеу барысында сыпайылық танытып, кез-келген мәселеге байыппен қараудың маңыздылығы кеңінен сөз болды. Яғни, партия мүшелерінің әдептілігі – азаматтардың халықтық партияға деген сенімін арттыра түсудің алғы шарты екені айтылды.

Сондай-ақ жиын барысында партия қатарына жаңадан алынған мүшелеріне «Nur Otan» партиясының Жарғысы мен 2020-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру барысы туралы жан-жақты түсіндірілді. Айтылған ережелерге бағынбай, Әдеп кодексінде көрсетілген талаптарды сақтамаған партия мүшесі заңда белгіленген тәртіппен тиісті шара қолданылып, партия мүшелігінен шығарылатыны ескертілді.

Айта кетейік, Әдеп кодексі 5 негізгі сала бойынша 19 жүріс-тұрыс ережесін қамтиды. Жалпы алғанда бұл кодекс Мемлекет басшысы ұстанған саясатты жүргізу шеңберінде заңды қадірлеу, еліміздің патриоты болу, қатаң тәртіп пен қарапайым әдептен аспау секілді оң әрекеттерді қарастырады.