ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі Арыс және Отырар тұрғындарымен кездеседі

0
1 073

Облыс тұрғындарының назарына!


ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі Арыс және Отырар тұрғындарымен кездеседі

Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы арыс және Отырар ауданының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Арыс қаласының тұрғындарымен кездесуі 25 қараша сағат 11.00-де Арыс қаласы, Ергөбек көшесі №178 мекен-жайда орналасқан «Мәдениет үйі» ғимаратында өтеді. Сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2022 жылғы 25 қараша сағат 12.00-да Арыс қаласы, Д.Қонаев көшесі №3 мекен-жайда орналасқан «Ардагерлер орталығы» ғимаратында өтеді.


Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімі Сатыбалды Дархан Амангелдіұлының Отырар ауданының тұрғындарымен кездесуі 25 қараша сағат 16.00-де Шәуілдір ауылы, Жібек Жолы даңғылы, Мәдениет сарайында өтеді, сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2022 жылғы 25 қараша сағат 17.00-да Шәуілдір ауылы, Мәдениет сарайында өтеді.


Қабылдауға алдын-ала жазылу 8(72533) 5-98-99 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2022 жылғы 24 қарашаға дейін сағат 9-00 ден 19-00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 дейін) жүргізіледі!


Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.