ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі Кентау халқымен кездеседі

0
391

КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!


ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі Кентау халқымен кездеседі

Дархан Сатыбалды Кентау қаласының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Кентау қаласының тұрғындарымен кездесуі 2024 жылғы 7 маусымда сағат 11.00-де қалалық мәдениет үйінде (Кентау қаласы, С.Байтереков к-сі №2 (Орталық алаң), жеке қабылдауы сағат 12.00-де Кентау қаласы әкімі аппаратының ғимаратында (Кентау қаласы, А.Яссауи даңғылы №87), өтетінін хабарлаймыз.


Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99, 5-93-97 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2024 жылғы 6 маусымға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.


Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.