ТҮРКІСТАН: Облыс әкімінің бірінші орынбасары сарыағаштықтарды қабылдады

0
460

Атқарылатын жұмыстарды өз бақылауында ұстайтынын айтты.


ТҮРКІСТАН: Облыс әкімінің бірінші орынбасары сарыағаштықтарды қабылдады

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары сарыағашта қоғамдық қабылдау өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданына Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов арнайы іссапармен келіп, аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында жиын өткізді.


Жиынға аудан әкімі А.Абдуллаев, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Р.Мұздыбеков, Бақылау жөніндегі басқармасының басшысы А.Исмайлов, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.


Аталған жиын барысында, Сарыағаш ауданында сәулет және құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, бақылау басқармаларына қатысты өзекті мәселелер және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар талқыланды.


Содан соң Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар табиғи газбен қамтамасыз ету, дәрігерлік амбулатория құрылысы, электр энергиясы және таза ауыз сумен қамтамасыз ету, көпірді жөндеуден өткізу және жеке мәселелері туралы сауалдарын жолдады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары тұрғындардың өтініш, тілектерін тыңдап, мәселердің шешімін табу бойынша атқарылатын жұмыстарды өз бақылауында ұстайтынын айтты.