Ондағы қызметкерлермен жүздесіп, ұсыныстарын тыңдады.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы өңірдегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарын аралап, жұмыстарымен танысты. Атап айтқанда, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына бағынысты «Ардагерлер үйі», «Сайрам мүгедек балаларды оңалту орталығы», «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы-қарттар үйі», «№3 Көксәйек арнаулы әлеуметтік көрсету орталығы», «№4 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы», «№5 оңалту орталығы» мекемелерінің жұмыс барысын бақылады. Ондағы қызметкерлермен жүздесіп, ұсыныстарын тыңдады.
Мекеме басшылары атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Орынбасар жауапты тұлғаларға тиісті міндеттер жүктеді. Сондай-ақ Ермек Кенжеханұлы қызмет алушылармен тілдесіп, көрсетіліп жатқан қызмет сапасы бойынша ой-пікірлерін естіді. Қариялардың жағдайын біліп, Наурыз мейрамымен құттықтады.
Жалпы Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты 12 мекеме бар. Оның ішінде 4-і стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетсе, қалған 6-ы жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары. Зейнеткерлерге қысқа мерзімде сауықтыру мен демалуға арналған «Ардагерлер үйі» және мүгедектігі бар адамдарға кәсіптік білім беруге арналған «Арнаулы кәсіптік колледжі» КММ жұмыс істейді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының жұмысына мониторинг ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасы негізінде жүргізілуде. Мониторинг шаралары жалғасады.