​ТҮРКІСТАН: Облыс бойынша биыл 50 тұрғын үй пайдалануға беріледі

0
1 401


​ТҮРКІСТАН: Облыс бойынша  биыл 50 тұрғын үй пайдалануға беріледі

фото: иллюстрациялық

Биыл Түркістан облысында тағы да 50 тұрғынүй пайдалануға беріліп, баспанаға мұқтаждар саны кемитін болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатын өткізген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев айтып өтті. Жиынға республикаға танымал БАҚ өкілдері және өңірлік төртінші билік өкілдері арнайы қатысты.

Түркістанның облыс орталығы мәртебесіне ие болғанына бір жыл толып отыр. Аз ғана уақыт ішінде өңір қарқынды дамудың жолына түсіп, облыс орталығы болған Түркістан қаласы жаңа кейіпке еніп келеді.

Мәселен, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін осы бір айдың көлемінде Үкімет тарапынан аса маңызды 5 қаулы қабылданды. Оның ең маңыздысы - «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары».

Сонымен қатар, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында облыста ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, көпбалалы аналарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету мөлшері орташа есеппен 40%-ға артып, 2019 жылы 103464 мыңнан астам отбасы өтініш білдірген, оның 65946-на атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Түркістан облысы бойынша жыл соңына дейін 1032 көпбалалы отбасы пәтермен қамтамасыз етіледі.

Бұдан бөлек, 2019 жылдың 5 айында Түркістан облысы бойынша барлығы 1724 пәтер берілген болатын. Ал осы жылы 50 тұрғын үй, яғни 2 613 пәтер пайдалануға тапсырылады.