ТҮРКІСТАН: Облыс полицейлері төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша оқу-жаттығу өткізді

0
1 688

Кентаулық полицейлер төтенше жағдайдың алдын алды.


ТҮРКІСТАН: Облыс полицейлері төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша оқу-жаттығу өткізді

Түркістан облысы полицейлері табиғи және техногендік сипаттағы жағдайлардың алдын алу бойынша оқу-жаттығу ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы әкімдігінің нұсқаулығы негізінде 11-13 қыркүйек аралығында Кентау қаласында «Табиғи және техногендіук сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде басқару органдарының обьектілерінің әрекеттері тақырыбы бойынша оқу-жаттығу болып өтті.

Оқу-жаттығу барысында баяндамалар мен мәліметтер оқу-жаттығудың жедел мәліметтер ұсыну табеліне сай ұйымдастырылды. Халықты жедел хабарландыру мақсатында хабарлау жүйелері, дауыс күшейткіш құралдарының дайындығы тексерілді. Көшірілетін халықтың үйлерін және мүліктерін, сонымен қатар әкімшілік ғимараттарды қорғау және оларды күзетке алу тәртібі анықталды. Ішкі істер органдарының әкімшілік ғимараттары күшейтілген түрге көшірілді.

Оған қоса жергілікті ішкі істер органының азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларды жою жөніндегі жоспары, оның түсіндірме жазбалары талданып, хабарландыру және байланыс, энерго, газ жылы сумен қамтамасыз ету жүйелерінің және көлік қатынастарының жұмысқа дайындығы тексерілді. Түрлі апатты жағдайларда қалай қорғану керектігі тұрғындарға жіті түсіндірілді.

Жалпы іс-шараның өткізілу мақсаты – табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою облыстық жүйенің, халықтың дайындық дәрежесін және қабілетін жоғарылату. Төтенше жағдайлардан болуы ықтимал зардаптарды жоюға құрылған қоғамдық тәртіпті қорғау қызметтерінің және құрылымдарының санын, құрамын және іс-әрекетке дайындығын, материалдық-техникалық қорлардың жағдайын, резервтегі энергия қуатымен қамтамасыз ету көздерін тексеру болып табылады.

Осы сарындағы іс-шаралар алдағы уақытта да ұдайы өткізіліп тұрады. Табиғи және техногендік сипаттағы алапат апаттардың алдын алу және болдырмау тиісті мекемелердің күн тәртібініне түскен емес.