Түркістан облысы «Бизнесті жүргiзу жеңiлдiгi» рейтингінде көш бастады

0
556

Инвестициялар бойынша нысаналы индикаторларды орындай алмағандар басшылық орнын босатуға дайын болуы тиіс.


Түркістан облысы «Бизнесті жүргiзу жеңiлдiгi» рейтингінде көш бастады

Түркістан облысы «Бизнесті жүргiзу жеңiлдiгi» рейтингінде екінші рет көш бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Өңiрлер арасындағы жыл сайын жүргізілетін «Бизнесті жүргiзу жеңiлдiгi» рейтингінің соңғы қорытындылары бойынша Түркiстан облысы екiншi жыл қатарынан бизнестi жүргiзу үшiн үздiк өңiр болып танылды. Бұл рейтинг 50% статистикалық көрсеткіштерден, 50% кәсiпкерлермен жүргізілген сауалнама көрсеткіштерден тұрады. Түркістан облысында кәсіпкерліктің саны артып, 160 мыңға жетті. Алдыңғы қатарда. Облыс аграрлық өлке болғандықтан, кәсіпкерліктің басым бөлігі осы салада қызмет етеді. Сауда, туризм, қызмет көрсету және өндіріс салаларында даму қарқынды.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту туралы баяндалды. Бизнесті қолдау бойынша мемлекеттiк бағдарламалар кәсiпкерлер үшiн қолжетiмдi Мемлекеттiк бағдарламаларды кәсiпкерлерге түсiндiру және бизнесті осы бағдарламаларға қатыстыру үшiн тұрақты түрде аудан және қалаларда семинар-кездесулер өткізілуде. Нәтижесiнде бағдарламаларға қатысушылар саны артқан. Шағын кәсіпкерлікті ары қарай дамыту үшін облыс әкіміне бірнеше жаңа жоба ұсынылды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды оларды жан-жақты сараптауды тапсырды.


«Қарапайым заттар экономикасымен» қоса «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы кәсiпкерлер арасында сұранысқа ие. Биыл бағдарлама бюджетi 57%-ға артып 9,6 млрд. теңгеге жетті. Несиелерді субсидиялау арқылы 12,7 млрд. теңгеге кәсіпкерлер жеңілдетілген 6%-бен несиеленді. Сонымен қатар 5,5 млрд. теңгені құрайтын несиелер «Даму» қоры арқылы кепілдендірілді. Бюджеттен бөлінген қаржы шеңберінде кәсіпкерлерді жыл соңына дейін 25 мрлд. теңгеге несиелеу мүмкіндігі бар.


Инвестиция тарту жұмыстары облыс әкімінің ерекше бақылауында. Облысқа тартылған биылғы инвестиция көлемі 773 млрд. теңгеге жетпек. Жекелей инвестиция тартудың қарқынын арттырып, белгіленген жоспарды жүзеге асыру үшін аудан, қала әкімдері жұмысты күшейтуі тиіс. Облыс әкімі бұл бағыттағы жұмыстардың жаңа тетігін енгізіп, негізгі капиталға құйылатын инвестициялар бойынша нысаналы индикаторларды орындай алмағандар басшылық орнын босатуға дайын болуы тиіс екенін ескертті.


«Инвестиция тартуды жандандыру керек. Алдағы жылдарға нақты меже бекітілген. Сол жұмыстарға бар күшті салыңыздар. Қол қусырып отыратын болсақ, бүкіл жұмысымыз бюджетке қарап қалады. Жалпы ивестиция өсімін орындау – басты мақсат. Тапсырылған әрбір индикатор орындалуы тиіс», – деді Д.Сатыбалды.