Қысқа экономикалық өсім бойынша елімізде үздік үштік қатарында.
Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада көшбасшылар қатарында, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылдың 11 айында қысқа мерзімді экономикалық өсім 114,4%-ды құрап, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң өсімі қалыптасты. Осылайша, өңір қысқа экономикалық өсім бойынша елімізде үздік үштік қатарында.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің төрағалығымен Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша мәжіліс өтті. Жиында 2025 жылдың қорытындысы мен макроэкономикалық көрсеткіштерінің межеленген жоспары талқыланды.
Облыс әкімінің орынбасары басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне 2025 жылдың қорытындысы бойынша барлық жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша тапсырмалар берді. Тиісті мәліметтерді статистика органдарына толық берілуін қадағалауды тапсырды. Сонымен қатар 2026 жылға облыстың әлеуметтік- экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер жүктелді.
Жалпы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты бақылауда. Жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмыстар жалғасады.


