Түркістан облысы ет экспорты бойынша бірінші орында тұр

0
646

Мал басы және өнімділігі орташа есеппен 4%-ға өсуде.


Түркістан облысы ет экспорты бойынша бірінші орында тұр

Ет экспорты бойынша Түркістан облысы бірінші орында тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында ауыл шаруашылығы қарқынды даму үстінде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аймақта жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуеті артып келеді. ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды осы саладағы жұмыстарға тоқталды.


Облыста мал басы және өнімділігі орташа есеппен 4%-ға өсуде. Ет экспорты бойынша Түркістан облысы республикада бірінші орында тұр. Ірі қара мал етінің үлесі – 85%, ұсақ мал 60% құрайды. Биылғы 5 айда 5 мың тонна ірі қара мал еті, 3 мың тоннаға жуық қой еті экспортқа жөнелтілді.


Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылуда. Республикалық бюджеттен облысқа 20 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Пилоттық жобаға 64 ауылдық округ белгіленді. Жобаны іске асыру нәтижесінде 3 413 жаңа жұмыс орны ашылады, отбасылардың орташа табысы табысы 1,5 есеге өседі. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 30%-ға азайып, қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 10%-ға ұлғаяды деп күтілуде.