Экспортталған ет көлемі 26 мың тоннадан асады.
Түркістан облысында 24 мың тонна ірі қара мал, 2,3 мың тонна қой еттері экспортталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» өткен брифинг барысында айтты.
«Ет экспорты бойынша облыс Республикада 1-орында. 24 мың тонна ірі қара мал, 2,3 мың тонна қой еттері экспортталды», - деді өңір басшысы.
Сондай-ақ, биыл ауа-райының қуаңшылығына байланысты болған мал азығы тапшылығын жою мақсатында да ауқымды жұмыстар атқарылған. Нәтижесінде мал азығын дайындау жоспары 108%-ға орындалып, 4,1 млн. тонна азық жиналды.