Түркістан облысы тұрғындарының өтініштері мен шағымдары тыңдалды

0
68

Тұрғындар негізінен спорт, жұмысқа орналасу, мәдениет саласына қатысты мәселелерді көтерді.


Түркістан облысы тұрғындарының өтініштері мен шағымдары тыңдалды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев «Ашық әкімдік» кеңсесінде өңір тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев «Ашық әкімдік» кеңсесінде өңір тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады.

Тұрғындар негізінен спорт, жұмысқа орналасу, мәдениет саласына қатысты мәселелерді көтерді. Бірі танымал режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың 80 жылдығына орай шығармашылық кеш ұйымдастыруды ұсынса, енді бірі жұмысқа орналасуға көмек сұрады. Сонымен қатар ата-ана құқығынан айыруға қатысты мәселелер де қозғалды.

Алматыдан онлайн байланыс арқылы қосылған азамат кітаптарын кітапханалар қорына сатып алу жөнінде ұсынысын жеткізді.

Ашық форматта өткен қабылдауда облыс әкімінің орынбасары тұрғындар тарапынан көтерілген әр мәселені мұқият тыңдап, заң аясында шешу жолдарын түсіндірді.

Бөлісу