Түркістан облысы жылыту маусымына толық дайын

0
131

Жұмыстар Өңірлік штабтың тұрақты бақылауында.


Түркістан облысы жылыту маусымына толық дайын

Түркістан облысы 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына толық дайын, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Құрылыс нормалары мен Ережелеріне сәйкес аймақта жылыту маусымы 148 тәулікті құрайды.


Облыс аумағында жылыту маусымы ауа райына байланысты 15 қазаннан бастап 1 қарашаға дейін кезең-кезеңімен іске қосылады деп жоспарлануда. Нақтырақ айтқанда, Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Бәйдібек, Созақ, Сайрам аудандарында жылу жүйелерін қазан айының 15-нен бастап қосу жоспарланған болса, Кентау қаласында жылу 25 қазанда берілмек. Сонымен қатар Түркістан және Арыс қалалары мен Мақтаарал, Жетісай, Отырар, Ордабасы, Сарыағаш, Сауран, Келес, Шардара аудандарын 1 қарашаға дейін жылу жүйелеріне қосу көзделуде.


Бұған дейін барлық білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік мекемелердің жылыту жүйелері тексеріліп, қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар қажетті отын қорлары жасақталып, жеткізілді.


Жылу беру маусымы кезінде ақаулардың алдын алу үшін жедел әрекет ету топтары құрылған. Жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бақылауында.


Айта кетейік, сыртқы ауаның орташа температурасы 5 тәулік бойы +8 градустан төмен болу туралы болжам болған жағдайда, жылу жүйелері іске қосылады.

Бөлісу