Түркістан облысына наурызек оралып, бәйшешек гүлдеді

0
465

Табиғаттың тамырына қан жүгіріп, айнала ерекше бір жылылыққа бөленгендей.


Түркістан облысына наурызек оралып, бәйшешек гүлдеді

Түркістан облысына наурызек құсы оралып, бәйшешек гүлдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан өңіріне көктемнің алғашқы лебі сезілді. «Сырдария-Түркістан» өңірлік мемлекеттік табиғи паркі аумағында көктемнің жаршысы саналатын наурызек құсы қайта оралып, даланы әсем әнге бөледі. Табиғаттың тамырына қан жүгіріп, айнала ерекше бір жылылыққа бөленгендей.


Қыстың ызғары толық сейілмей жатып-ақ бәйшешек пен дестегүл бүр жарып, қазжуа мен өзге де нәзік гүлдер жер-ананың қойнынан қылтиып шыға бастады. Әдетте наурыз айында қауыз ашатын гүлдердің биыл ақпанның жартысында-ақ бой көрсетуі – табиғаттың тосын сыйы іспетті. Жыл құстары да туған жерін сағына жетіп, көктемнің келгенін сүйіншілеп тұрғандай.


Мамандардың айтуынша, бұл құбылыстар – Түркістан өңіріне көктемнің ерте келгенінің айқын белгісі. Расында да, күннің шуағы жұмсарып, самал желдің лебі мейірімге толғанда, көктем дәл осы қасиетті өңірден бастау алатындай әсер қалдырады.


Көктем – жаңару мен үміттің, шуақ пен шаттықтың мезгілі. Ал сол шуақты мезгіл Түркістан өңірінен басталады.

Сурет авторлары: Ақыл Абдихадиров пен Ғани Назарбек

Бөлісу