Түркістан облысында 16 нысан сүрілді

0
2 428

Жалпы салынған айыппұл көлемі 28 935 945 теңгені құрайды.


Түркістан облысында 16 нысан сүрілді

Түркістан облысы аумағында былтыр 16 заңсыз құрылыс нысандары сүрілген, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде, 6 нысан сот шешімдерімен, 10 нысан түсіндірме жұмыстары арқылы меншік иелерінің өз еркімен бұзылған. Бұл туралы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары Тарту Байтұрсынов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

«Өңір көлемінде былтыр 715 жоба бойынша нысандардың құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған. Оның ішінде 356 нысанның құрылысы бюджет қаражаты есебінен, 348 нысанның құрылысы жеке кәсіпкерлік қаражаты есебінен және 11 жоба инвестициялық қаржы есебінен салынуда. Сондай-ақ, басқармада 2020 жылы заң талаптарын сақтамай салынған 84 құрылыс нысандарына тексеру жүргізіліп, анықталған заң бұзушылықтар негізінде ҚР-ның ӘҚБтК-нің баптарына сәйкес 153 хаттамамен шара көрілген»,- деді Тарту Орынтайұлы.

Баспасөз мәслихатында мәлім болғандай заң талаптары сақталмаған үшін жалпы салынған айыппұл көлемі 28 935 945 теңгені құрайды. Негізінен, басқарма тарапынан 5 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Бұл қызметтер 2019 жылдан бастап 100 пайызға электронды түрде көрсетілуде. Былтыр құрылыс саласында лицензия алуға, қайта тіркеуге, аттестат алуға қатысты барлығы 1096-өтініш қабылданған.