Түркістан облысында 1800 тоннаға жуық ет экспортталған

0
636

Көрсеткішті 4000 тоннадан асырмақ.


Түркістан облысында 1800 тоннаға жуық ет экспортталған

Жыл басынан бері Сайрам ауданында 1800 тоннаға жуық ет экспортталған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл Түркістан облысы Сайрам ауданында 84 тонна қой еті мен 1638 тонна ірі қара мал еті экспортқа шығарылған. Жыл соңына дейін сайрамдықтар 500 тонна қой, 2 мың тонна ірі қара етін экспортқа шығаруды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек ауданда соңғы 6 айда жалпы 14833 тонна ет, 73095 тонна сүт, 8950 мың жұмыртқа өндірілген. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда ет бағыты бойынша 107,9, сүт 112,7, жұмыртқа 105,5 пайызға артып отыр.

Сондай-ақ, ауданда төрт түлік саны да артып келеді. Мәселен, 2020 жылдың 6 айында 263 353 бас майда, ірі қара мал, оның ішінде 52 943 басы аналық, 82075 бас жылқы, 165 713 бас қой-ешкі, 132 456 бас құс тіркелген.

Мұнан бөлек, бүгінде ауданда 1012 мал бордақылау орындары жұмыс істеп тұр. Осы алаңдарда бір мезгілде 43 мың бас мал бордақылауға болады. Сондай-ақ, биылғы жылы аудан бойынша 10-15 бастық 118 шағын мал бордақылау алаңдарын ашу жоспарланса, 6 айда оның 109-ы іске қосылған. Сонымен қатар, ауданда сүт өндіру мақсатында 10-15 бастық 27 жанұялық сүт ауласы құрылған.

Одан бөлек,аудан аумағында асыл тұқымды ІҚМ басын арттыруға бағытталған іс-шаралар негізінде Қарабұлақ ауыл округіндегі орналасқан «Зафар» шаруа қожалығы және жеке кәсіпкер «Раимкулов» шаруашылықтары шет мемлекеттен 212 бас асыл тұқымды аналық мал басын сатып алған.