Түркістан облысында 3000 бас ірі қара бордақылайтын алаңдар іске қосылады

0
1 397

Түлкібас ауданында жылына шамамен 1200 тонна ірі қара мал еті өндіріледі.


Түркістан облысында 3000 бас ірі қара бордақылайтын алаңдар іске қосылады

Түркістан облысы – ERNUR.KZ. Түркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты Шұқырбұлақ елді мекеніндегі «Адал» шаруа қожалығы 3000 бас ірі қара малды бордақылауға арналған алаңдарды ашуды жоспарлап отыр деп жазады ERNUR.KZ Түлкібас ауданы әкімдігінің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Қоралардың құрылысын салу екі кезеңге бөлінеді. 1500 басқа арналған алаңдар биыл іске қосылса, 2019 жылы қосымша 1500 басқа арналған алаңдардың құрылысы жоспарланған. Нәтижесінде жылына шамамен 1200 тонна ірі қара мал еті өңдіріледі. Жобаның жалпы құны 900 млн. теңге. Аталмыш жоба толығымен іске қосылған жағдайда жаңадан 25-30 адамға жұмыс орны ашылса, ауданның бидай, арпа, шөп т.б мал шаруашылығына қажетті егін түрлерін егетін диқандардың өнімдеріне сұраныс артады.