Экономиканың өзге де салаларын дамыту бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылған.
Өмірзақ Шөкеев биылғы жылдың 8 айында қол жеткізген көрсеткіштермен бөлісті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Облыс әкімінің айтуынша, өңірімізде жыл басынан мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде 38,8 мың жаңа жұмыс орындары ашылып (тұрақты – 10,5 мың), жұмыссыздық деңгейі төмендеген. Облыс халқын ауыз сумен, электр қуатымен және табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша да жұмыстар тиісті дәрежеде жүргізілген. Сонымен қоса, тұрғын үй, автомобиль жолдары құрылысы және экономиканың өзге де салаларын дамыту бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылған.
Бүгінгі күннің негізгі мәселесіне айналып отырған короновирустық инфекцияға қарсы атқарылып жатқан жұмыстар туралы да облыс әкімі мәлімет бере отырып, бүгінгі таңда Түркістан облысы жасыл аймақта тұрғандығын атап өтті. Өз кезегінде, облыс әкімінің есебіне мәслихат депутаттары жоғары баға беріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Жалпы, сессия жұмысында мәслихат депутаттары 17 мәселені қарап, тиісті шешімдер қабылдады.