Түркістан облысында 6 көпір жөнделіп жатыр

0
613

Аталған көпірлер жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.


Түркістан облысында 6 көпір жөнделіп жатыр

Түркістан облысында биыл 6 көпірге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы аумағында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 983,3 шақырымды құрайды. Аталған жолдардың бойында 409 дана көпір және 3 591 дана су құбырлары орналасқан. Биыл облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Келес, Сауран, Отырар, Мақтаарал, Төлеби, Сарыағаш аудандарындағы 6 көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған көпірлер жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.


Соның бірі Сарыағаш ауданына қарасты Сіргелі елді мекенінен өтетін облыстық маңызы бар КХ-50 «Дербісек-Сарыағаш» автомобиль жолы бойындағы Тасқұлақ өзенінің үстіндегі көпір күрделі жөндеуден өткізілуде. Бүгінде мердігер мекеме «СК «Дар» ЖШС тарапынан айналма жол ұйымдастырылып, көпірді демонтаждау жұмыстары басталған. Нысан құрылысы қараша айына дейін аяқталып, көлік қозғалысына беру жоспарланған.