Түркістан облысында 7 инвест-жоба іске қосылады

0
2 403

600-ге жуық тұрғын жұмыспен қамтылады.


Түркістан облысында 7 инвест-жоба іске қосылады

Арыс қаласында бірнеше ірі жоба іске қосылады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Арыс қаласында 2021 жылы жалпы құны 31 млрд 100 млн теңгені құрайтын 7 жоба іске қосылып, оларда 588 жұмыс орындары ашылатын болады. Ал былтыр қала экономикасына тартылған жалпы инвестиция көлемі 14 млрд. 651 млн. теңгені құраған.

Cондай-ақ, 2020 жылы өнеркәсіп кәсіпорындарында 5 млрд 593 млн теңгенің өнімі өндірілсе, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнімнің және ұсынылған қызметтерінің көлемі - 30 млрд 366 млн теңгеге жеткен. Ал кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын несиелендіру бойынша барлығы 452,6 млн теңгеге 82 жоба қаржыландырылған.

Ал ауылшаруашылығы саласында былтыр 17 млрд 730,5 млн. теңгенің өнімдері өндірілген. Есепті жыл ішінде мал басы және мал шаруашылығының өнімдері барлық түрінен артқан. Ет – 8 078,8 тонна, сүт – 20 402,4 тонна, жұмыртқа 7 706,6 мың дана өндірілген.