Түркістан облысында 9 дүкен өртеніп кетті

0
885

Қасында тұрған жүк көлігі де жанып кеткен.


Түркістан облысында 9 дүкен өртеніп кетті

Түркістан облысы Сарыағаш қаласында 9 дүкен өртке оранды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін таңғы сағат 04:40-та Сарыағаш қаласы Майлықожа көшесі «Рамадан» суару каналының бойында орналасқан 9 азық-түлік дүңгіршектері өртеніп, тілсіз жау көлемі 250 шаршы метр аумақты қамтыған. Атап өтсек, «Азамат-Нурлан» ЖШС-не қарасты жалпы көлемі 500 шаршы метрді құрайтын 15 дүңгіршек пластик және шлакоблоктан жасалған. Шатырдың материалы – металл торлы профнастил, нысан аумағы қоршалмаған.

Сондай-ақ өрт салдарынан жанында тұрған мемлекеттік нөмірі 537 ЕА/13 "Газель" маркалы жүк автокөлігі толығымен жанып кеткен.

"Өрт сағат 05-33-те оқшауланып, 06-25-те толығымен сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Оқиға орнына ТЖД-ның 30 қызметкері және 7 бірлік техника, АПБ-дан 6 қызметкер және 2 бірлік техника жұмылдырылды",- делінген облыстық ТЖД мәлімдемесінде.