Түркістан облысында алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды

0
1 822

Қазіргі таңда алаяқтық жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Түркістан облысында алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды

иллюстрациялық фото: news.pn

ERNUR.KZ.Түркістан облысында полицейлер алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, Түркістан облыстық полициясына Сарыағаш ауданының жергілікті тұрғыны алаяқтық жайты туралы арызданған. Онда ер адам бейтаныс адамның сеніміне кіріп, құрылыстық ағаштан жасалған қалыпты жалға алып, кейіннен металл қабылдау орнына өткізгендігі туралы көрсеткен. Алаяқтық жолымен жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын шамамен миллион теңгені құрайды. Аталған жайт «алаяқтық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыағаш АІІБ полицейлері күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Сондай-ақ, айғақты зат ретінде тәркіленіп алынған құрылыс материалдары заңды иесіне қайтарылған.

Қазіргі таңда алаяқтық жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, егер де, Сіз, осыған ұқсас қылмыстың куәсі немесе құрбанына айналсаңыз, тез арада «102» телефон нөмірі арқылы Түркістан облыстық полицияға хабарласыңыз.