Түркістан облысында алғаш рет 23 жастағы келіншек өмірге үшем әкелді

0
3 440


Түркістан облысында алғаш рет 23 жастағы келіншек өмірге үшем әкелді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында үшем дүниеге келді. Келес ауданы Бірлік ауылының тұрғыны Аяжан Төленді 23 жасында алты баланың анасы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өмірге үшемді әкелген Аяжанның бұған дейін 3 перзенті бар еді. Енді оған үшем қосылып, отбасы көп балалы шаңырақ атанды. Қазір перзентханада жатқан ана мен нәрестелердің жағдайы қанағаттанарлық.

Айта кетейік, бұл Түркістан облысы құрылғалы өмірге келген алғашқы үшем.