Өңірде алдағы уақытта 30 фелдшерлік акушерлік пункт пен 200-ге жуық білім ошағы бой көтеретін болды.
Түркістанда облыстық мәслихаттың кезекті 30-сессиясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Онда 14мәселе қаралып, тиісті шешім қабылданды. Депутаттар тарапынан қолдау тапқан мәселелер арасында білім саласын дамыту, елдімекендерде медициналық пукттер салу жайы бар. Кезекті сессия кезінде халық қалаулылары қолдаған шешімге сәйкес, өңірде алдағы уақытта 30 фелдшерлік акушерлік пункт пен 200-ге жуық білім ошағы бой көтеретін болды.
Күн тәртібінде талқыланған ең басты мәселелер медицина, білім, кәсіпкерлікті дамытутуралы болды. Алғашқы жайтқа байланысты айтылғанда фельдшерлік акушерлік пункттерді кәсіпкерлер есебінен салу туралы ұсыныс айтылды. Сөйтіп ол бір ауыздан қолдау тауып шешім шығарылды.
- Медицина саласы бойынша Түркістан облысында 30-ға жуық фелдшерлік-акушерлік бекеттер салуға шешім қабылданды. Мынау кәсіпкерлік мәселесіне келетін болсақ, комбинаттарды іске қосу мәселесі бойынша көп мәселелер талқыланды, деді облыстық мәслихаттың депутаты, сессия төрағасы Базарбай Мұсабеков.
Сонымен қатар Түркістан облыстық мәслихаты туралы тың туынды жарық көрді. Арнайы баспада басылып шаққан кітап Түркістан облыстық мәлихаты жарқын белестер,жарқын болашақ деп аталады. 20 жылдан астам тарихы бар мәслихаттың өткенінен сыр шертетін кітаптың алғашқы нұсқасы облыс әкіміне табысталды.