ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов Түркістан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі және Ішкі істер департаменттерінің жаңа басшыларын таныстырды.
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов Түркістан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі және Ішкі істер департаменттерінің жаңа басшыларын таныстырды деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ІІМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Түркістан облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының міндетін атқарушы лауазымына азаматтық қорғаныс полковнигі Нұрғали Жүнісов тағайындалды.
Н. Жүнісов Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы жоғарғы техникалық училищесін тәмамдаған. Бұрын Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.
Сонымен қатар министрдің бұйрығымен Түркістан облысының ІІД бастығының лауазымына полиция полковнигі Қайрат Дәлбеков тағайындалды.
Қ. Дәлбеков бұрын Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің бастығы лауазымын атқарды.