Түркістан облысында ерікті жастар саны 10 мыңнан асты

0
1 163

7 жалпыұлттық жобасы аясында іс-шаралар жүзеге асырылуда.


Түркістан облысында ерікті жастар саны 10 мыңнан асты

Түркістан облысындағы «волонтерлар жылында» қолға алынған істер келер жылы да жалғасын табады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында аймақтық фронт-кеңсе ашылып, волонтер жылының 7 жалпыұлттық жобасы аясында іс-шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, «Біз біргеміз» жалпыұлттық акциясы аясында ҚР Тұңғыш Президенті, Н.Назарбаевтың бастамасымен коронавирус пандемиясы кезеңінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына азық-түлік пен және 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Облыс бойынша 43 мыңнан астам отбасыға әлеуметтік қолдау білдірілді. Волонтерлер азық-түлік себеттерін санитарлық талаптарды сақтай отырып жеткізіп берді.

Елдегі төтенше жағдай кезінде облыс көлемінде 1700 волонтерлық акция ұйымдастырылды. Халыққа 200 мың бетперде, 30 мың ақпараттандыру қағаздары тарқатылды. «Дәрігерге мың алғыс» республикалық акциясын аясында дәрігерлерге арналған 1000 дана алғыс себеттері табысталды.

Мақтаарал ауданында орын алғантөтенше жағдайға байланысты «Біргеміз, Мақтаарал!» штабы құрылып, бұл штабта 500-ге жуық волонтер қызмет етті. Олар 1600 тоннадан астамгуманитарлық көмекті халыққа таратып, 23 мыңнан астам бетперделер мен антисептикалық құралдарды үлестіру жұмыстарын жүргізді. 2500-ден астам тұрғынға азық-түлік пен қажетті тұрмыстық заттарды таратты.

Жастар арасындағы экологиялық қозғалысты дамыту мақсатында, «Экологиялық мәдениет – біздің таңдау!» атты іс–шара өткізілді. Өңірде алғаш рет «Жастар таза қала үшін!» атты плоггинг ұйымдастырылды. Экологиялық қозғалыс жастардың бастамасымен бастау алып, өңірдегі табиғи мекендерде тазалық жұмыстарын жүргізуде. Қаланы көркейту мақсатында, волонтерлар көмегімен шырша көшеттерін отырғызу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

«Birgemiz: Asyl mura»жалпыұлттық жобасы аясында еріктілер Түркістан өңірінің тарихи және мәдениет үшін айрықша маңызы зор 1663 археология және сәулет ескерткіштерімен танысып, мониторинг жұмыстарын жүргізді. Тарихи, мәдени ескерткіштерді, мемориалды кешендерді қалпына келтіру бойынша жобаларды жүзеге асырып, ШҚО «Берел» қорымында, Жамбыл облысы, Бақалы ауылы, «Жылқышы төбе» археологиялық қазба орындарында тазалық және археологиялық жұмыстар, қамқорлық, реставрациялық жұмыстар жүргізілді. Осы жобаларға қатысуға өтініш білдірген волонтерлар саны 500-ге жетті. Бұл көрсеткіш республика бойынша 1-орында.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында ауыл шаруашылығын дәріптеу және облысымыздағы ірі шаруашылық орталықтарының жұмысын насихаттау мақсатында «Ауылдағы бір күнім» телевизиялық реалити-шоуы аясында «Мал мен егін – көл-көсір өнім» сайысы өтті. Сайысқа облыс бойынша 16 аудан, қаланың белсенді волонтер жастары қатысты.

Волонтер жастардың шет тілдерін меңгеру дәрежесін көтеру мақсатында облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «OPEN ENGLISH» жобасы бастау алып, волонтер жастар ағылшын тілінде дәріс алды. Жұмыс жалғасады. Биыл қолға алынған істер келер жылы да жалғасын табады.