Түркістан облысында иммундау апталығы өтеді

0
628

Қазіргі таңда вакцинациядан бас тартатын азаматтар да бар.


Түркістан облысында иммундау апталығы өтеді

Түркістан облысы бойынша 594 адам вакцинациядан бас тартқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 24-30 сәуір аралығында иммундау апталығы өтеді. Иммундау апталығы – жұқпалы ауруларға қарсы жүргізілетін профилактикалық шараларды бұқара арасында насихаттайтын кезең болып саналады. Вакцинация, яғни иммундау арқылы түрлі инфекциялардың алдын алуға болады.


Түркістан облысы аумағында «Ұлттық егу күнтізбесі» аясында биылғы жылдың 3 айының қорытындысы бойынша халықты профилактикалық егумен қамтамасыз ету деңгейі оңтайлы нәтижелерге қол жеткізді. Алайда, қазіргі таңда вакцинациядан бас тартатын азаматтар да бар.


Мәселен, Түркістан облысы бойынша 594 адам вакцинациядан бас тартқан. Әдетте ата-аналар жеке көзқарастарынан, екпеге сенімсіздіктен вакцинацияға қарсы шығып жатады. Қазіргі таңда өңірдегі санитар-мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Екпе жұмыстары міндетті түрде ата-аналардың келісімімен жүзеге асырылады. Вакцинация тұрғындардың барлығына қолжетімді және өздері тіркелген мекен-жайдағы емханаларда жүргізіледі.