Көлікті мас күйде басқарған.
фото: massager.kz
Түркістан облысы, Арыс қаласында қайғылы жол апаты орын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында үш адам қаза тауып, екі адам жарақат алған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, алдын ала мәліметтер бойынша, Арыс қаласында JAC маркалы автокөліктің жүргізушісі мас күйінде бірнеше адамды қағып, қашып кеткен.
“Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу шықты. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Оқиға орнында үш адам, оның ішінде екі кәмелетке толмаған жасөспірім қайтыс болды. Зардап шеккен 2 адам медициналық мекемеге жеткізіліп, оларға қажетті көмек көрсетілді.
Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған барлық қажетті іс-шараларды жүргізуде. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданатын болады” - делінген ресми мәліметте.
Полиция азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырады.


