Түркістан облысында қар жауып жатыр

0
885

Түске дейін 10 см-ге жетуі мүмкін.


Түркістан облысында қар жауып жатыр

Созақ ауданында табиғат тосын мінез танытып, қар жауып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Созақ ауданында 20 сәуір күні басталған жауын-шашынның арты қарға ұласқан. 21 сәуір күні таңғы уақыттан басталған қар әлі де жауып тұр.

«Қазір жерге түскен қардың басым бөлігі еріп кетіп жатыр. Бірақ, осы қарқынмен тоқтамай жауып тұрса, түске дейін тобыққа жетеді. Бұл біршама шығынға ұшыратуы мүмкін», - дейді бұл туралы ресми мәлімдеме жасаған Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, биылғы көктем Түркістан облысының халқы үшін жайсыз басталды. Бұдан бұрын бірнеше аудан мен қалаларда жаңбыр мен қардың араласып жаууынан мұз қатып, электр бағаналары істен шыққан болатын.