Түркістан облысында кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді

0
63

Жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік жасап отыр.


Түркістан облысында кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өңірде кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде аймақта жүзеге асып жатқан ірі инвестициялық жобалар, жаңа өндіріс орындары мен заманауи бастамалар облыс экономикасына тың серпін беруде.

Жергілікті кәсіпкерлер Түркістанның тек тарихи-рухани орталық қана емес, бизнес пен инновацияның жаңа нүктесіне айналғанын ерекше атап өтуде. Әсіресе агроөнеркәсіп, туризм, құрылыс және өндіріс салаларындағы ерекше жобалар өңірдің әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік жасап отыр.

Кәсіпкерлер мемлекет пен облыс әкімдігі тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылықтарын білдіріп, Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған ауқымды жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екендерін айтады.

Бөлісу