Түркістан облысында қоғамдық-саяси ахуал бойынша штаб отырысы өтті

0
68

Тиісті сала басшыларына халықтың әлеуметтік сұраныстарын дер кезінде анықтап, нақты шешімдер қабылдау, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жалғастыру жөнінде тапсырмалар берілді.


Түркістан облысында қоғамдық-саяси ахуал бойынша штаб отырысы өтті

Түркістан облысында қоғамдық-саяси ахуал бойынша штаб отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға арналған кезекті штаб отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, басқарма басшылары қатысты.

Кездесу барысында өңірдегі қоғамдық ахуалды тұрақты бақылауда ұстау, тұрғындармен кері байланысты күшейту, қоғамдық орындарда құқықтық тәртіп пен мәдениетті сақтау мәселелері бойынша ұсыныстар айтылды.

Жиын қорытындысында облыс әкімінің орынбасары өңірдегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау – баршаға ортақ міндет екені атап өтіп, алдағы уақытта да қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты бақылауда ұстап, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасатынын айтты. Тиісті сала басшыларына халықтың әлеуметтік сұраныстарын дер кезінде анықтап, нақты шешімдер қабылдау, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жалғастыру жөнінде тапсырмалар берілді.

Бөлісу