181 тұлға әкімшілік жауапқа тартылды
© Sputnik / Абзал Калиев
ERNUR.KZ. Жетісай ауданында көші-қон заңнамасын бұзудың 181 фактісі анықталды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі, деп жазады sputnik.kz.
Жетісай ауданының прокуратурасы аудан аумағында көші-қон заңнамасының сақталуына талдау жүргізді.
Талдау нәтижесінде шетел азаматтарының Қазақстан аумағында тіркеусіз жүруі және заңсыз шетелдік жұмыс күшін тарту фактілері анықталды.
Көші-қон заңнамасын бұзған 181 тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, мемлекет кірісіне 2,8 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілді.
Жетісай ауданының шекаралық аймақ мәртебесін ескере отырып, көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері аудан прокуратурасының тұрақты бақылауында.


