А.Шаимов жасаған қылмысы үшін 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды және өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқынан шеттетілді.
ERNUR.KZ. Түркістан облысында ішкі қауіпсіздік қызметіне 3 мың доллар пара берген кеден бекетінің маманы сотталды, деп жазады ҚазАқпарат.
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Б.Қонысбаев кеден бекетінің бас маманы параны қызметтік тексеруде қылмысын жасырып қалу үшін ұсынған.
«Шымкент қаласы бойынша МКД (ОҚО бойынша МКД) ішкі қауіпсізідік басқармасы 2018 жылы 3 сәуірде жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері нәтижесінде бас маман А.Шаимов 3000 АҚШ доллары көлемінде пара беру кезінде ұсталды. Ол өзіне қатысты ЕурАзЭҚ аумағынан тауарлардың нақты әкетілгені туралы экспорттық кедендік декларацияларды заңсыз ресімдеу фактісі бойынша департаменттің Адами ресурстары басқармасының бас маманы М.Құрбановпен жүргізіліп жатқан қызметтік тергеу нәтижесінде оң шешім қабылдау үшін берген» делінген хабарламада.
Ал 27 қыркүйек күні Сарыағаш аудандық соты бас маман А.А Шаимовты жасаған қылмысы үшін кінәлі деп тауып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқынан шеттетті.