Жалпы заңсыз төлем көлемі 4 255 997 теңгені құрады.
© Sputnik / Александр Кряжев
ERNUR.KZ. Түркістан облысы Сарыағаш ауданын инклюзивті білім беру саласында заң бұзушылықтар анықталды, деп жазады sputnik.kz.
Прокуратура жүргізген талдау нәтижесінде аудандағы 23 мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар 64 балаға үйде сабақтың іс жүзінде өткізілмегені, алайда мұғалімдерге еңбекақының төленіп отырғаны анықталды.
"D.MED" жүйесі арқылы бұл балалардың еліміздің әр өңіріндегі ауруханаларда ұзақ уақыт бойы ем қабылдағаны және үй жағдайында білім алу мүмкіндіктерінің болмағаны белгілі болды. Соған қарамастан, мұғалімдерге сабақ өткізгені үшін төлемдер жасалған", - деп жазылған хабарламада.
Мысалы, №16 мектептің бір оқушысы жыл бойы емдеуде болғанына қарамастан, мұғалімдер оны "оқытқаны" үшін 319 101 теңге алған.
Жалпы заңсыз төлем көлемі 4 255 997 теңгені құрады.
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде бұл қаражат бюджетке қайтарылып, білім беру саласының 311 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.