Әлеуметтік баспананы салуға мемлекет қазынасынан 800 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген.
Түркістан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көпқабатты үш үй салынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Бұлар – Арыс қаласындағы жаңадан бой көтерген шағын аудандағы алғашқы нысандар. 100-ден астам пәтер әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, көпбалалы аналарға және кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлерге беріледі. Әлеуметтік баспананы салуға мемлекет қазынасынан 800 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген. Тап осы маңда тағы 3 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Олар келесі жылы пайдалануға берілмек. Мұнан кейін жергілікті әкімдік мұғалімдер мен дәрігерлерге арналған бірнеше 5 қабатты үй салуды көздеп отыр. Мақсат – ауылға қажет мамандарды баспанамен қамту.
Мұрат Қадырбек, Арыс ауданы әкімі:
- Тұрғын үй кезегінде тұрған 1388 адам бар. Солардың 106-сы осы үйлерден пәтер алады. Тағы 5 қабатты 5 үй салынады. Сонымен, қалғаны 1-2 жыл ішінде тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Осы категория бойынша: « Таразда қала күнінде 20 нысан ашылды Павлодарда қатерлі ісікті емдеудің озық әдістері қолданылуда».