20-21 апталық қыздың өлі денесі қорапшада болған.
ERNUR.KZ. Белгісіз адам нәрестені облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен, деп жазады inform.kz.
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, белгісіз адам ай-күні жетілмей туған сәбиді №2 облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен. 20-21 апталық қыздың өлі денесі қорапшада болған.
«Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:00 шамасында болды. Нәресте табылған соң бірден полиция қызметкерлері шақырылды. Оқиға болған жер тексеріліп, сот-медициналық сараптамаға тағайындалды», - делінген ақпаратта.