​Түркістан облысында шаруаларды қолдаудың ауқымы артты

0
2 128

Үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге 7 пайыздық үстемемен берілетін несиені тиімді пайдаланып, бүгінде азаматтар өз істерін ашып отыр.


​Түркістан облысында шаруаларды қолдаудың ауқымы артты

Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарының шаруалары мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде өз істерін ашып, мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын дамытып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жыл басынан бері Мақтаарал, Жетісай аудандары бойынша жалпы мал шаруашылығын дамыту саласында, оның ішінде мал басын көбейту, мал бордақылау алаңшаларын ашу бағыттары бойынша «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы 24 азаматқа жалпы соммасы 116 млн 500 мың теңге несие беріліпті. Үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге 7 пайыздық үстемемен берілетін несиені тиімді пайдаланып, бүгінде азаматтар өз істерін ашып отыр.

Айта кетейік, мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалануда Жетісай ауданынан Жетісай қаласы мен Асықата кенті, Ынтымақ ауылдық округтері, Мақтаарал ауданында Достық және А.Қалыбеков ауылдық округтері көш бастап тұр. «Бұл несиенің тиімділігі – несие алған азаматтар кез-келген уақытта алған несиелерін толықтай өтеуге ерікті» дейді сала мамандары.

Сонымен қатар, «Ырыс» микроқаржы ұйымы қос аудан шаруаларына көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына да қаржылық қолдау көрсетіп келеді екен. Бұл бағыт бойынша да жыл басынан бері Мақтаарал, Жетісай аудандарының мақта, көкөніс егетін 310 шаруа қожалықтарына жылдық үстемесі 6 пайызбен 572 млн 640 мың теңге несие берілген. Қысқа мерзімге, яғни, жыл сайын егістік жерлерін кепілге қою арқылы ақпан айында алып, қараша айының бірінші жұлдызында қайтарылатын несиені шаруа лар биылғы жылы да толық қайтарыпты.