Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық деректері толастамай тұр

0
655

Баяндамашылардың айтуынша, қоғамның қарқынды дамуына тежеу салатын сыбайлас жемқорлық деректері толастамай тұр.


Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық деректері толастамай тұр

Түркістанда облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Мәжіліске ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Төлеубаев, құқық қорғау органдарының бастықтары, басқарма басшылары және бейнебайланыс арқылы аудан, қала әкімдері мен қатысты.


Күн тәртібінде Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Сондай ақ «Бизнеске жол» жобасы аясында атқарылған жұмыстар туралы, сібір жарасы қабірлерінің санитарлық-қорғау аймағы, мал қорымдарына қойылатын талаптардың сақталуына қатысты жүргізілген мониторинг нәтижесі баяндама жасалды.


Баяндамашылардың айтуынша, қоғамның қарқынды дамуына тежеу салатын сыбайлас жемқорлық деректері толастамай тұр. Осындай келеңсіздіктерді болдырмау үшін алдын алу жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.


Облыс әкімі сыбайлас жемқорлықпен күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін алға тартып, өңірде оңтайлы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде көрсеткіштердің төмендегенін алға тартты. Сондай-ақ әкім тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған, олардың жұмысының тиімділігін бағалауда қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың рөлін арттыруға ерекше назар аударды.


Жиын қорытындысында облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы бағыттағы жұмыстарды бақылауға алуды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және тәуекелдерді анықтап, кез келген салада заң аясында әрекет етуді, әділдік, қызметке адалдық және ашықтық қағидаларын берік ұстануды қатаң ескертті.


Сондай-ақ, келесі 2024 жылға комиссия отырысының жұмыс жоспарына аймақ бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдер Картасына енгізілген өзекті мәселелерді енгізуді тапсырды.