​Түркістан облысында тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялау бағдарламасы басталды

0
593

Түркістан облысында тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялау алғаш рет жүргізілуде.


​Түркістан облысында тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялау бағдарламасы басталды

Биыл облыстық бюджеттен 500 млн теңге қаралып, бүгінгі таңда «Отбасы банк» АҚ-мен келісім-шарт түзілді. Бағдарламаның талаптарына сәйкес, тұрғын үйдің жалдау ақысының 50 пайызы субсидиялауға жатады. Қалған жалдау ақысының 50 пайызы жалға алушының атына ашылған «Отбасы банк» АҚ-ның есепшотында болуы міндетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Бақтыбек Тоқбергенұлы мәлімдеді.

«Отбасы банк» АҚ мәліметіне сәйкес, жалпы 3 635 өтініш қабылданып, оның ішінде қазіргі таңда 1 493-і мақұлданды. Облыстық бюджеттен тұрғын үй жалдау ақысын субсидиялауға 1 493 азаматтарға 25 млн теңге қаржы қаралып, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап төлем жүргізу жоспарлануда.
Жалдау төлемдері бойынша мемлекеттік қолдауға үміткер ретінде, жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тіркелген және төрт санат бойынша ҚР азаматтары бола алады. Олар: 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар, көпбалалы отбасылар.