Түркістан облысында үш жаcар қыз зорланып, айуандықпен өлтірілді

0
3 328

Қанды қылмыс кезінде күдікті мас халде болған.


Түркістан облысында үш жаcар қыз зорланып, айуандықпен өлтірілді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Ордабасы ауданында елді дүрліктірген сұмдық жағдай орын алды. Ордабасы ауданы Бөржар ауылының 1978 жылы туған тұрғыны өз үйінде 3 жасар қызын зорлап, кейін пышақтап өлтірген, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жұрттың төбе шашын тік тұрғызған сұмдық жағдай қазан айының 6-шы жұлдызында болған. 40 жастағы Серік есімді азамат өз перзентін алдымен зорлап кейіннен қасақана өлтірген көрінеді.

Қанды қылмыс кезінде күдікті мас халде болған. Қаныпезер әке оқиға болған жерде қолға түскен. Бұл оқиғаға қатысты Ордабасы аудандық соты күдіктіні тергеу уақытында екі ай мерзімге қамауға алу туралы санкция берді.

Жалғыз перзентін азаптап, айуандықпен өлтірді деп күдіктеліп отырған Серікке ҚР ҚК нің 120 бабының, 2-ші бөлігі "кәмелетке толмағанды зорлау" және 99 бабының 3,5,14-ші бөліктерімен "шарасыз халдегі, кәмелетке толмаған тұлғаны қасақана өлтіру" бойынша айып тағылуда.

Айта кетейік,әкесі зорлап, қорлап өлтірген үш жасар қыз бала отбасындағы жалғыз перзент болған көрінеді. Тағы бір белгілісі, күдікті бұрын сотты болмаған.