Тағы да бірнеше нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.
Түлкібас ауданында заманауи ашық спорт алаңшалары салынуда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Елімізде спорт саласын дамытып, тұрғындарды салауатты өмір салтына бейімдеу үшін түрлі іс-шараларды қоспағанда, мемлекеттік жобалар жасалып, жүзеге асырылып жатыр. Осы орайд Түркістан облысы Төлеби ауданына қарасты Ленгір қаласында 2020 жылдың жоспарына сәйкес, 3 спорт алаңшасын салу жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта аталған қаладағы Төлтебаев көшесі мен Қазыбек би көшесі 107, 105, 103-көпқабатты үйлердің жанынан салынған спорт алаңшаларының құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.
Сонымен қатар, ендігікезекте Төлеби көшесі мен Ә.Бектаев көшелерінің қиылысындағы шатқалдың жанынан заман талабына сай бір ашық балалар ойын алаңшасы мен спорт алаңшасыныңқұрылысы басталып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Одан бөлек, Көксәйек ауылдық округінде де осындай бір спорт алаңшасы салынады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, бүгінгі таңда спорт және туризм салаларын дамыту мемлекет тарапынан қолға алынып, аса мән берілуде. Табиғаты тамаша төлебиліктер үшін бұл істің игілігі мол болмақ.