Түркістан облысында жалпы өңірлік өнім көлемі 4 трлн теңгеден асты

0
178

Қысқа мерзімді экономикалық өсім 110%-ды құрады (ҚР-105,3%).


Түркістан облысында жалпы өңірлік өнім көлемі 4 трлн теңгеден асты

Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң өсімге қол жеткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістандағы көшпелі баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды баяндады. Биылғы 10 айда Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң өсімге қол жеткізілді. Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын жалпы өңірлік өнім көлемі алдын ала есеп бойынша 4 трлн. теңгеден асты. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 110%-ды құрады (ҚР-105,3%).


– Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты биылғы Жолдауында экономиканың құрылымын өзгертуге баса назар аударуды тапсырды. Инвестиция тарту жұмысын күшейту керектігін айтты. Түркістан өңірінде осы бағытта нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Нәтижесінде кіріс көздері ұлғайып, өндіріс орындары көбеюде, – деді Дархан Сатыбалды.


Аймақта өнеркәсіп өнім көлемі 8,8%-ға артып, 960 млрд. теңгеден асты. Оның ішінде қайта өңдеуге барынша басымдық берілуде. Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде 463 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 113%-ға артты. Өсім негізінен тау-кен (105,2%), тамақ (103,5%), жеңіл өнеркәсіп (105,9%), машина жасау (106,7%) және жиһаз (1,6 есе) өндірістері есебінен орын алды.


Өңірде өндірісті дамыту үшін энергетика тапшылығын шешу және индустриалды аймақтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында, Үкіметке электр энергия бағасын төмендету бойынша ұсыныс енгізіліп, қолдау тапқан. Сонымен бірге энергетика тапшылығын шешу мақсатында 1,9 трлн. теңгеге жалпы қуаты 2,7 ГВт болатын 7 ірі жоба жүзеге асырылады. Оның ішінде Сайрамда қуаты 1000 МВт болатын станцияның құрылысы басталып кеткен.

Бөлісу