Түркістан облысында жасөспірімдер арасындағы қылмыс төмендеді

0
63

Мәжілісте осы салада жыл бойы атқарылған жұмыстар талқыланды.


Түркістан облысында жасөспірімдер арасындағы қылмыс төмендеді

Түркістан облысында жасөспірімдер арасындағы қылмыс төмендеген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Мәжілісте осы салада жыл бойы атқарылған жұмыстар талқыланды. Өзекті мәселелерді жүйелі шешу жолдарын қарастыру мақсатында өткенбасқосуға облыстық прокуратура, полиция департаменті, тиісті облыстық басқармалар және аумақтық департамент басшылары қатысты.


Мәжілісте облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев алда Жаңа жыл мерекесіне орайбалалардың қауіпсіздігіне баса назар аударып, жаңа жылдық отшашулар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігіне тоқталды. Сонымен қатар полиция департаментімен бірлесіп, түнгі уақытта мейрамханалар мен түнгі ойын клубтарына арнайы рейдттік шаралар жүргізлуі тиіс екендігін ескертті.


– Жылды қорытындылап, комиссия отырысын өткізіп отырмыз. Мемлекет басшысы, бала құқықтарын қорғау мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін нақты атап өтті. Қолданыстағы Заң талаптарына сәйкес, тиісті мемлекеттік органдар кәмелетке толмағандардың құқықтарының қорғалуы бойынша –алу бағытында тұрақты түрде түрлі шараларды қабылдап отыруы міндетті. Бүгінде облысымызда бала құқықтарын қорғау бойынша алдын-алу бойынша жүйелі түрде алдын-алу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқандығына қарамастан, келеңсіз оқиғалардың орын алатыны өкінішті. Құқықбұзушылықтың азаюын жай есеппен емес, нақты көрсеткішпен дәлелдеу қажет.Жастармен жұмысты жаңа форматта ұйымдастыру, креативті тәсілдерді қолдану, әлеуметтік желілерде түрлі бағыттағы роликтер мен ақпараттық контент таратсаңыздар. Келесі жылғаіс-шара жоспарын құрып, жұмысты жандандырыңыздар, – деген Ертай Кенжебекұлы отырыста айтылған мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар қажетті жұмыстарды жандандыруды тапсырды.


Отырыста облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова білім басқармасы тарапынан кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау бағытындағы атқарылған жұмыстарға тоқталды.


Одан кейін жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық бойынша атқарылған жұмыстар туралы Облыстық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының орынбасары Полиция полковнигі Мейрамбек Балтабаев баяндады. Оның айтуынша, 11 айда жасөспірімдермен жасалған қылмыстар 11,2 пайызға төмендеген. Қылмыстардың тең жартысы түнгі уақытта ата-аналардың бақылаусыз жүрген жасөспірімдер арасында тіркелген. Осыған байланысты, «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шаралары мен түнгі рейдтер тұрақты түрде жүргізілуде.


Соныман қатар Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мадина Мамбетова кәмелетке толмағандардың арасындағы ерте жүктілік және өзін-өзіне қол жұмсау фактілері жөнінде ақпарат берді.


Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары көтерілген мәселені қорытындылай келе, басқарма басшылары, құқық қорғау өкілдері, аудан, қала әкімдіктерінің штаб төрағалары аталған мәселелерді бақылауға алып, бұл жұмыстарды одан әрі күшейтуді тапсырды. Сонымен бірге аудан, қала әкімдіктерінің комиссия төрағалары кәмелетке толмағандарды профилактикалық жұмыстарды жүргізуде ведомствоаралық жұмыстарды жандандыруды жүктеді.Мәжіліс соңындахаттамалық тапсырмалар берілді.

Бөлісу