Түркістан облысында "Жеңгетайлықпен" айналысқандар құрықталды

0
904

ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы "Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық" бойынша тіркеуге алынды.


Түркістан облысында

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының полицейлері «Стоп-траффик» жедел алдын алу іс-шарасы барысында "Жеңгетайлықтың" 6 жайтын анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ағымдағы жылдың 19-21 қыркүйек аралығында Түркістан облысы ПД-нің полиция қызметкерлері "Стоп-траффик" республикалық жедел-іздестіру іс-шарасы аясында жеделдетілген шараларын өткізді. Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері өткізетін іс-шараның негізгі мақсаты адам саудасына қатысты жайттардың алдын алу мен жолын кесу, жеңгетайлық және жезөкшелікпен айналысу үшін притондарға тосқауыл қою, адамдарға қатыстытағы да басқа құқық бұзушылықтарды болдырмау болып табылады.

Аталған іс-шараны тиянақты өткізу барысында полицейлер облысымыздағы барлық қонақ үйлерді, сауналарды, моншаларды және басқа да орындарды, интернет-сайттарды, сондай-ақ күдік туғызған қызметтерді тегіс анықтау мақсатында тексеріп шықты.

"Стоп-траффик" жедел алдын алу іс-шараларының аясында облыс аумағында жеңгетайлық және жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастырудың 6 жайты тіркелді. Аталған жайттар бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы "Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық" бойынша тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жеңгетайлықпен айналысатын 5 тұлғамен жеңіл мінез-құлқындағы 12 қызды есепке алды.

Мәселен, Сарыағаш ауданындағы "Стоп-траффик" жедел алдын алу іс-шарасы барысында, Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен Сарыағаш қаласының жергілікті тұрғыны құрықталды. Жергілікті қонақүйдің әкімшісі жеңіл мінез-құлықты қыздарды қызметін сыйақы ұсына отырып, жеңгетайлықпен айналысқан. Тәртіп сақшылары ұсталған күдіктіден ақша және басқа да айғақты заттар тәркіледі. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 309-бабы"Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық" бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.