Әжесінің үйіне қыдырып келген бүлдіршін, ойнап жүріп, ауладан шығып кеткен.
иллюстрациялық фото
Түркістан облысының полицейлері адасып қалған төрт жасар қызды әкесімен табыстырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.
19 мамыр сағат шамамен 17:00 шамасында Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне Сарыағаш қаласындағы орталық көшелердің бірінде кішкентай қыздың жол бойында жылап тұрғаны жайында хабарлама келіп түсті.
Мекен жайға Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне ЖПҚ ювеналды полиция тобының қызметкерлері жетті. Қыздан өзі жайлы толық мән-жайды сұрастырады. Нәтижесінде оның төрт жаста екенін ғана біле алады.
Полиция қызметкерлері жақын маңдағы барлық көшелер мен үйлерді аралап, көршілер мен өтіп бара жатқан адамдардан сұрастырды. 2-3 сағатқа созылған іздестіру шаралары нәтижесінде кішкентай қыздың мекен жайы анықталды.
Белгілі болғандай төрт жасар қызы, әжесінің үйіне қыдырып келіп, ойнап жүріп, ауладан шығып кеткен. Әжесінің үйінен 200-300 метр қашықтықта кетіп қалған. Үй ішіндегілер бүлдіршінді өз бетімен іздеуге кіріскен.
Қыздың әкесі Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесінің полицейлеріне жоғалған қызын табуға көмектескені үшін шынайы алғысын білдіріп, табыс тіледі.