Түркістан облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

0
1 211

Апат салдарынан бір жолаушы оқиға орнында қайтыс болды.


Түркістан облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

ERNUR.KZ. Түркістан облысында болған жол-көлік оқиғасынан он адам зардап шегіп, біреуі қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылғы 12 тамызда шамамен 17 сағат 30 минутта Алматы-Ташкент-Термез тасжолында Шымкенттен Сарыағашқа бет алған автобус жүк көлігінің артқы жағымен соқтығысқан. Нәтижесінде, жол-көлік оқиғасы салдарынан Өзбекстан азаматы оқиға орнында қайтыс болды.

Сондай-ақ, жол апатынан 10 адам зардап шеккен, олар автобустың жүргізушісі мен жолаушылары, үшеуі Қазақстан азаматы және жеті Өзбекстан азаматтары. Олар түрлі деңгейдегі жарақаттарымен Түркістан облысындағы Қазығұрт және Сарыағаш аудандық ауруханаларына жеткізілді.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабымен СДТБТ-не тіркелді. Бірқатар сараптамалар тағайындалып, нәтижесімен процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Қазіргі таңда автокөліктер айып тұраққа қойылып, полиция қызметкерлері орын алған жол апатының себептерін анықтауда.