Түркістан облысында жүк пойызы жолдан шығып кетті

0
810

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.


Түркістан облысында жүк пойызы жолдан шығып кетті

Түркістан облысы Манкент стансасында жүк тасымалдаушы пойыз жолдан шығып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.


«8 қаңтар сағат 19:50-де «Шымкент-Арыс» учаскесінің Манкент стансасында жүк пойызы вагондары рельстен шығып кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Сонымен қатар аталған оқыс оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпеді», - делінген хабарламада.


Сондай-ақ, ұлттық компания келеңсіздікті жою үшін Шымкент, Арыс стансасынан қосымша пойыздар жөнелтілгенін хабарлады.


Оқиғаның себеп-салдарын «Қазақстан темір жолы» АҚ жанынан арнайы құрылған комиссия анықтайды.