Түркістан облысында жұмыспен қамтылғандар саны көбейіп жатыр

0
2 564

14 жоба іске асырылды.


Түркістан облысында жұмыспен қамтылғандар саны көбейіп жатыр

Отырар ауданында жұмыспен қамтылғандар қатары артты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Пандемияға байланысты елімізде орын алған төтенше жағдайға орай «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде барлық қала, аудандарда арнайы жобалар қолға алынды. Түркістан облысының Отырар ауданында 14 жоба іске асырылды. Олардың жалпы құны 251 млн. теңгені құрады. Бұл жобаға жергілікті тұрғындар қатарынан 36 азамат тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Отырар ауданында жеке бастамалар бойынша 1115 азамат жұмыспен қамтылған. Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына тартылған мыңнан астам азаматқа 140 млн.теңге, әлеуметтік жұмыс орындарына қатысқан 67 азаматқа 12,6 млн.теңге, жастар практикасына жолданған 327 азаматқа (63 жұмыс беруші мекеме) 53 млн.теңге төленді.

Өткен жылы аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік қолдау бойынша 800-дей отбасындағы 5 мыңға жуық адамға 226,3 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек төленген. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан еңбекке жарамды 373 жұмыссыз азамат анықталды. Оның ішінде, 301 азамат тұрақты жұмысқа, жұмыспен қамту шаралары арқылы 64 азамат қоғамдық жұмысқа, 3 азамат жастар практикасына жұмысқа жолданды. Ал 5 азамат кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу бағытында жұмыс істейді.